Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы педагогтердің курстан алған әсері
03.09.2021 12:09

Тамыз айының 31-і мен 3-ші қыркүйек аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының»  Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне арналған   онлайн режиміндегі курстан өттік.

Курс білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оздырылды.  Заман талабына сәйкес әлемдік іс-тәжірибелерге сүйене отырып, оқытудың жаңа технологияларын ендіру көзі немесе небір авторлардың  оқу технологияларын қолдану, өз тәжірибемізге ендіру туралы дәрістер болды.  Әсіресе  бала бақша музыка жетекшілерінің алдында ерте жастан музыкалық аспаптарға ойнатуда  М.Монтессоридің әдістері қол жетімді болды. Курс тренері Сексенбаева Сайра Кировна өзі бастап осы тәсілді қалай қолданғаны жөнінде теориялық білім мен қатар өзінің видео таспаға түсірілген сабақтарын көрсетті. Арамыздағы тыңдаушылардың бірі Ержанова Бибигуль Нурлановна М.Монтессори әдісінен түрлі-түсті диатоникалық қоңырауды пайдалану арқылы балалардың музыкалық сенсорикасын дамытудың жаңа инновациялық әдісі ретінде қолдануда «Көңілді қоңыраулар» атты іс-тәжірибесімен бөлісті. Сөз арасында Бибигуль осы тәжірибенің бастау алуына осы курсты тренері Сексенбаева Сайра Кировнаның ықпалы зор екенін атап өтті.

Цифрлық білім беру ресурстары мен виртуалды зертханаларды пайдалану туралы сабақ өтілген кезде Google Jamboard онлайн тақтасы арқылы қалай жұмыстану керектігі үйретіліп, дәріс барысында барлығымыз осы онлайн тақтасында не бір тапсырмалар орындадық, өлең шығардық, оған әуен қостық, белсенді жұмыстандық.

Музыкан-педагогтерге қажетті цифрлық тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Оған әріптесіміз Габбасова Дариға Еркінғалиқыз мен Балабина Галина Сергеевналар  Sibelius 7, Noteflight нота редакторын қолдану,   жазған материалдарын  Midi converter программасына салып сақтау, Bandicam - бұл бейне түсіру бағдарламасы, Лайфхак – ютубтан қажетті материалдарды алып оны өз сабақтарына өңдеу, үйлестіру, яндекс, гугл сервистерінде музыка,  дыбыстық ресурстарды сақтау т.б. тәжірибелерімен бөлісті.

Курс ұйымдастырушысы  әрі  тренеріміз Сексенбаева Сайра Кировнаға айтар алғысымыз шексіз. Осындай қызықты, алары мол курстарды ұйымдастыруда табыс, денсаулық тілейміз. Тек алға! Шаршамай, талмай әріптестерініңіздің алғысына бөлене беріңіз деп шын жүректен тілейміз.

Курс тыңдаушылары атынан: Аймағамбетова Э.У.

Адилова В.Ж.

Алпысбаева К.А.

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.