Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
2-секция. Оқу процесіне цифрлық технологияларды ауқымды енгізуді жүзеге асыру, артық есептілік пен регламенттеуді азайту

Мақала саны / Кол-во статей: 9



Педагогтің кәсіби өсуі

 

Сафуллин Елдос Набиоллаұлы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары

Презентацияны онлайн қарау

Презентацияны жүктеу

 

1. Жұмыс және оны бағалау

2. Институт ұйымдастыратын байқаулар

3. Кері байланыс

1. Жұмыс және оны бағалау

Жұмыс сөзінің біздің қоғамымызда сан алуан мағынасы бар. Бір ғана педагогикалық қызметте оқу-әдістемелік жұмыс, тәрбие жұмысы, сынып жұмысы, үй жұмысы, бақылау жұмысы, тексеру жұмысы, жоба жұмысы, зерттеу жұмысы, дипломдық жұмыс, кандидаттық жұмыс, магистрлік жұмыс, әдістемелік жұмыс, семинар жұмысы деген тіркестер кездеседі. Тізбектей берсек олар өте көп. Иә, «жұмыс» сөзі, ұғымы біздің кеңістігімізді толық бағындырып алғандай!!! Қандай болса да жұмыс болған соң оны орындаушы немесе сырт көздің оған беретін бағасы да болады. Баға әрдайым жұмыс сапасын жетілдіруге көмектеседі. Олай болса, мұғалім жұмысының нәтижелілігі немен өлшенеді? Басты критерий қандай? Мұғалім жұмысының басты көрсеткіші – білім сапасы. Ол бағалау жүйесімен дәл өлшенеді. «4» пен «5»-ке оқитын оқушыларының үлесі педагог қызмет еткен жылдарда оң өсім беретін болса, мұғалім жұмысының нәтижесі де оң болғаны. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы нысаналы индикаторлардың ең бастысын назарларыңызға ұсыналық:

 
Фибоначчи сандық тізбегін үйретудің жолдары

 

Ильясов Исатай Ильясович

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

Утегенова  Айнур  Туреахметовна

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Орал қаласы, І курс магистранты

Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану тиімді де маңызды екені белгілі. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр

 
Физика пәнінен цифрлық білім берудегі инновациялық технологиялар

 

Максутова Нургул Мирмановна

БҚО, Теректі  ауданы, Восход жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Қазіргі кезде қазіргі заманғы мектеп жағдайында оқыту әдістемесі білім беру мақсаттарының өзгеруімен, құзыреттілік тәсіліне негізделген жаңа буынның мемлекеттік білім беру стандартының дамуымен байланысты күрделі кезеңнен өтуде.

 
Қазақ әдебиеті сабақтарында смарт технологияның тиімділігі

 

Габдуллина Галия Гимеденовна

БҚО, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Болашақ  ұрпақтың жан-жақты білім алып, іскер әрі талантты болуы және еркін дамуына жол ашатын ақпараттық – коммуникациялық технологияның білім беруде алатын орны зор. Елімізде нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану.

 
Цифровизация казахстанского образования

 

Абдрахманова Анаргуль Жумабаевна

Алипкалиева Гульфия Бекетовна

Филиал АО «НЦПК «Өрлеу» Институт повышения квалификации педагогических работников по Западно-Казахстанской области, г. Уральск, Казахстан.

В сентябре 2017 г. в ходе республиканского совещания по вопросам цифровизации с участием Президента РК Н. Назарбаева, была презентована Программа «Цифровой Казахстан».

 
Некоторые основы обучения русскому языку в казахской школе в рамках обновленного содержания образования

 

Досалиева Айгул Орынгалиевна

СОШ №5, г. Уральск ЗКО

Русский язык как средство  межнационального общения и как официальный язык Республики Казахстан занимает одно из ведущих положений. Функционирующее в обществе казахско-русское двуязычие играет позитивную роль в процессе овладения русским языком учащимися казахской школы. Изучение языка помогает ученикам приспособиться к изменениям на мировом уровне, понять языковые ценности и по-новому взглянуть на окружающую его жизнь.

 
Сабақта цифрлық технологияларды қолдану

 

Ажгалиева Самал Тулегеновна

БҚО, Жаңақала ауданы, Айдархан жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.

 
Математика пәнін оқытуда АКТ-ны қолдану нәтижесі

 

Есенгалиева Менсулу Телагисовна

БҚО, Жәнібек ауданы, «ЖББ Т.Жароков атындағы орта мектебі» КММ-сінің математика пәні мұғалімі

«Оқу үрдiсiнде ақпараттық технологияларды бiлiм беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауынан

Математиканы оқыту – бұл жеке әрбір оқушыға бағытталған өнер. Ол бір күй сияқты, қоңырау соғылғанда басталып, қоңыраумен аяқталатын. Ал, осы аралықта сыныпта  отырған жас өренге өзінің санасында да, көңілінде де сақталып қалатын із қалдырамыз. Ол шытырмандар арқылы ақиқатқа, түсінуге, білімге деген із. Бірақ барлық оқушылар да еңбексүйгіш емес.  Сондықтан әрбір жас талапты түсіну және жүрегіне жол табуды өте маңызды деп санаймын.

 
Педагогтің кәсіби өсуіне кездесетін кедергілер туралы

 

Сафуллин Елдос Набиоллаұлы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары

1) Педагогтің кәсіби өсуіне кездесетін кедергілер туралы

2) Кедергілерді қалай жеңеміз?

3) Артық есептілік пен регламенттеуді азайту