Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2021 жыл шілде айының үздік қызметкері

Арыстанова Шынаргуль Умбеткалиевна, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 26 жыл. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы еңбек өтілі – 8 жыл.

Шілде айы бойынша қызметі мен жетістіктері

Шынаргуль Умбеткалиевна – ізгілікті ізденісті тынымсыз еңбекпен ұштастырып, жаңа заман талабына сай білім беруді мақсат етіп келе жатқан білікті маман. Ол «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру  бағдарламасы бойынша  сертификатталған деңгейлік курс тренері және Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш сынып пәндері бойынша біліктілікті арттыру курсы бойынша білім беру бағдарламасының тренері. Педагог-зерттеуші. «Бастауыш мектеп» Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналының ақылдастар алқасының мүшесі.

Шынаргуль Умбеткалиевна біліктілік арттыру курстары барысында тыңдаушыларға жаңа технологиялардың қыр-сырын үйретіп, кәсіби шеберлікті арттыруға елеулі үлес қосып келеді. 07.06-18.06.2021 ж. аралығында «Көркем еңбек» пәні бойынша білім беру процесін жобалау және жүзеге асыру» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған   курс өткізді. Тыңдаушылар саны – 20 педагог.

«Еліміздің үздік педагогтерінің эстафетасына» қатысқан бастауыш сынып мұғалімдерінің сабағын дайындауда әдістемелік көмек ұйымдастырып, бейнесабақтар жасақтатты.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Көкшетау облысы бойынша ПҚБАИ , «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ , «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ «Қашықтықтан  оқыту жағдайында  «Learning Apps.org» білім беру сервисі,  «Jamboard» платформасының мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік сыныптар көрсетті .

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ «Функционалдық сауаттылық: мәселелер мен шешу жолдары» семинарлар сериясы аясында «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық: зерттеу дағдыларын қалыптастыру» республикалық вебинарда «Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнінің оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында шеберлік сынып көрсетті.

Педагогтердің әдістемелік жұмыстарына пікір, сын-пікір жазып, кеңес берді:

«Мұғалімнің сыйы» аңыз-әңгімелер жинағына;

«Құндылықтар әлемі» (6-7сынып)  атты элективті курс бағдарламасына;

«Білгір математик» атты үйірме жұмысының бағдарламасына;

«Математика пәнінен 2 сыныпқа арналған «Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар» әдістемелік құрал.

Бастауыш сынып  мұғалімдерінің  қысқа мерзмді жоспары мен өзін-өзі тану мұғалімдерінің сабақ жоспарына  кеңес, әдістемелік көмек беріліп, педагогтердің сабақтары институт сайтындағы «Сабақ жоспары» жобасына салынды.

Қашықтықтан оқыту мәселесі бойынша білім саласындағы жаңа бастамаларды қолдап, жаңа форматтағы заманауи бейне сабақтар дайындап, оларды республика көлемінде таратуға зор үлес қосқаны үшін  «Өрлеу БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысқаны «Бөбек» ҰҒПББСО «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

«Бастауыш мектеп» Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналының белсенді авторы «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Шынаргуль Умбеткалиевна – өз бойындағы ашықтық пен еңбекқорлық, сабырлылық пен табандылық қасиеттерімен ерекшеленетін, сондай-ақ өзгелерге қолдау көрсете білетін жылы жүректі жан. Ұстазға тән әділділік пен білімпаздықты жия білген білікті маман, әріптестері арасында зор беделге ие.

Шынаргуль  Умбеткалиевнаны  «Айдың үздік қызметкері» аталымын иеленуімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

 

Пікірлер 

 
0 #1 Гулбаршын 2021-11-09 10:44 Шынаргул умбеткалиевна құттықтаймын! Сәттілік! Дәйексөз жазу
 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.