Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2021 жыл маусым айына «Айдың үздік қызметкері»

Файзуллина Сауле Насипкалиевна, жаратылыстану-гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 34 жыл. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы еңбек өтілі – 16 жыл.

Маусым айы бойынша қызметі мен жетістіктері

Сауле Насипкалиевна – тыңдаушыларына тек теориялық қана емес, тәжірибелік білімі мен дағдыларын үйлестіре, қазіргі заман талаптарына сай беріп келе жатқан білікті әрі сауатты маман. Ол Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде «Өзін-өзі тану» пәні (қазақ және орыс тілді мектептердегі) бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламасының тренері. Сонымен бірге, педагогика және психология (мектепке дейінгі) оқытушысы болып табылады, логопед-мұғалім ретіндегі арнайы білімі туралы диплом иесі.

Жыл ішінде облыс көлемінде өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне, әлеуметтік педагогтарға сабақтарды, әдістемелік құралдарды әзірлеу, жасақтауда әдістемелік көмекті ұйымдастырды.

Біліктілікті арттыру курстарының үдерісінде Сауле Насипкалиевна тыңдаушыларды жаңа технологиялардың қыр-сырына оқытады, сонымен олардың кәсіби және жеке біліктілігін дамытуға зор үлес қосады, тәрбие құрамына, пәнаралық біріктіру, оқыту мен тәрбиедегі мұғалімнің рөліне баса назар аударады. Біліктілікті арттырудың бюджеттік курстарына қатысқан тыңдаушылар санаты – бұл әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар.

31.05-11.06.2021ж. «Жастар арасында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында педагог-психологтар үшін бюджеттік курстар өткізді. Тыңдаушылар саны – 22 педагог. Курс аясында институттың сайтымен (zkoipk.kz) жұмыс және педагог-психологтар үшін республикалық және облыстық шараларға қатысу бойынша ұсыныстар берілді.

Қаратөбе және Бәйтерек аудандарының өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  ұзақ және қысқа мерзімді курстар, мұғалімдерге қысқа мерзімді жоспарлар, сабақ жоспарларын жасау мәселелері бойынша әдістемелік және кеңес беру көмегі көрсетілді.

Сонымен қатар, «Балалар қандай мұғалімді күтеді...» тақырыбына «Ұстаз» облыстық ғылыми-әдістемелік журналына (ІІ тоқсан) мақала дайындалды.

«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқушылар арасындағы олимпиаданың облыстық турының қазылар алқасының тұрақты мүшесі болып табылады.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысқаны және бастамашылығы, адал жұмысы және шабыттандырылған шығармашылығы үшін «Бөбек» ҰҒПББСО «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Қазақстан Республикасында білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Сауле Насипкалиевна осыған қоса Батыс Қазақстан (29 мамыр) және Атырау (26 маусым) облыстарында өткен MediaLitFest2021 медиафестивалінің белсенді медиатренері болып табылады. Медиафестиваль сессияларындағы тақырыптары: «Как информация влияет на жизнь современного человека?» и «Как противостоять информационным провокациям. Медиагигиена с точки зрения психологии».

Сауле Насипкалиевна адалдығымен, әділдігімен, әр түрлі адамдармен тіл табыса білуімен ерекшеленеді, оған еңбексүйгіштік, даналық, шыдамдылық және барлық жағдайдағы тепе-теңдік сияқты қасиеттер тән. Теориялық жағынан да, даналық пен өмір философиясын білуі жағынан да тепе-теңдік және тереңдікпен ерекшеленетін білікті маман әріптестерінің арасында зор құрметке ие.

Сауле Насипкалиевнаны  «Айдың үздік қызметкері» аталымын иеленуімен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

 

Пікір қосу

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.