Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» республикалық байқауының IІІ облыстық кезеңі мәреге жетті
Wednesday, 18 October 2017 14:40

2017 жылдың 18 қазан күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚ БАИ ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының педагогикалық шеберлігін арттыру, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, үздік педагогикалық тәжірибелерін қорыту және тарату мақсатында «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» мектеп мұғалімдері мен колледждер оқытушыларының республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Аталмыш байқау кезең-кезеңмен өткізілуде, І кезеңі 2017 жылдың мамыр-маусым аралығында өтті және БҚО бойынша 225 педагог қатысты. Маусым-шілде аралығында өткен байқаудың ІІ кезеңіне 51 педагог қатысты. Осы кезеңнің «Microsoft Kazakhstan» порталынан қашықтық оқуынан 33 педагог сәтті өтті.

Облыстық кезеңді өткізбес бұрын қатысушыларға тікелей және youtube каналы арқылы онлайн кеңестер жүргізіліп, байқауға дайындық барысында қатысушуларға кезіккен кедергілер мен қиындықтарды ұйымдастырушылар комитеті бірлесе шешуге, алдын алуға жағдай жасады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 13 қыркүйектегі республикалық кеңесте халықтың IT-технологияны меңгеруі туралы мәселе қозғаған болатын, ол жерде «қазақстандықтарды смартфондарды қолдануға үйретуге шақырды». Филиалдың ғылыми-әдістемелік тақырыбы «SMART Education үдерісін енгізу жағдайында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың педагогикалық және технологиялық негіздері» болғандықтан бұл мәселе біздің ұжым үшін таңсық емес. Смарт білім беру бағытында жыл сайын дәстүрлі түрде түрлі деңгейді конференция, семинарлар өткізіп келеміз. Осы орайда облыс педагогтерінің смарт білім беру құзыреттіліктері артып келеді.

Байқау қандай форматты өтті десек? Байқаудың атауы айтып тұрғандай, қатысушылардың жұмыстарын бағалауды онлайн түрде жүзеге асырдық. Яғни, әділқазылар алқасы өздерінің смартфондары немесе планшеттер арқылы сайтта орналасқан алдын ала дайындалған интерактивті бағалау парағында жүзеге асырды. Сонымен қатар, әр бір қатысушы сайтқа кіріп, өз қарсыластарының жұмыстарын бағалауға мүмкіндік алды.

Облыстық кезеңде «Орта білім беру» бағыты бойынша 27 қатысушы 2 секцияға жіктелді, «Техникалық және кәсіптік білім беру» бағыты бойынша 6 қатысушы бағын сынады.

Байқаудың қорытындысына сай келесі педагогтер жүлделі орындарға ие болды:

Орта білім беру (1-секция)

Қатысушылар

Марапатталуы

1

Аксенова Альфия Ринатовна, БҚО, Бөкейордасы ауданы, Хан Ордасы ауылы Жәңгір хан атындағы ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі

І орын

2

Есмагулова Гульнара Сергеевна, БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы №3 ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі

ІІ орын

3

Мусина Кубатал Амангельдиевна, Орал қаласы М.Ықсанов атындағы №36 ОЖБММ биология пəнінің мұғалімі

ІІІ орын

4

Умашева Умсынганым Болатовна, Орал қаласы, №5 ОЖБММ информатика пәнінің мұғалімі

ІІІ орын

5

Бекжанова Гульнара Чапаевна, БҚО, Зеленов ауданы, Ульянов ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Сертификат

6

Губашева Азима Зинатовна, Орал қаласы, М.Ықсанов атындағы №36 ОЖББМ тарих пəнінің мұғалімі

Сертификат

7

Дүйсен Жібек Болатқызы, Сырым ауданы, А.Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектеп-балабақша кешені, бастауыш сынып мұғалімі

Сертификат

8

Аккулова Зульфия Маратовна, Теректі ауданы, Подстепный №1 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Сертификат

9

Жангалиева Шынаргул Измуханбетовна, Теректі ауданы, Федоровка қазақ ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Сертификат

10

Кунакбаева Айсауле Пазыловна, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі

Сертификат

11

Курманбаева Балауса Умбеткалиевна, Орал қаласы, №44 мектеп-гимназиясының технология пəнінің мұғалімі

Сертификат

12

Бейбитова Тулпан Мараткызы, Теректі ауданы, Подстепный қазақ ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Сертификат

13

Нагиева Бакытжан Куспановна, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп- гимназиясының тарих пәні мұғалімі

Сертификат

14

Сарсенгалиева Гүлнұр Мадиярқызы, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану пəнінің мұғалімі

Сертификат

15

Шайхиева Гулнафис Максотовна, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Сертификат

 

Орта білім беру (2-секция)

Қатысушылар

Марапатталуы

1

Джаманкулова Асия Кубайдулловна, Орал қаласы, №40 ОЖБММ учитель русского языка и литературы

І орын

2

Журалиева Шынаргуль Дарыбаевна, БҚО, Жаңақала ауданы, Е.Орақбаев ат. ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

ІІ орын

3

Имангалиева Асылзада Каженовна, Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясы, орыс тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі

ІІ орын

4

Абулхатина Сымбат Махамбетовна, Орал қаласы, №9 ОЖБММ ағылшын тілі пәні мұғалімі

ІІІ орын

5

Урынгалиева Дамела Абаевна, Орал қаласы, №24 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пəндерінің мұғалімі

ІІІ орын

6

Ташмухамбетова Жадыра Абдигалиевна, БҚО, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пəнінің мұғалімі

ІІІ орын

7

Амертаева Индира Сапаровна, Орал қаласы, №7 ОЖБММ қазақ тілі және әдебитеті пәні мұғалімі

Сертификат

8

Ишангалиева Акмарал Аленгалиевна, Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясының ағылшын тілі пəнінің мұғалімі

Сертификат

9

Нурмахова Жулдуз Болатовна, Орал қаласы, А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пəнінің мұғалімі

Сертификат

10

Тамашева Жанна Аманжоловна, Орал қаласы, №3 ОЖБММ Қазақ тілі мен əдебиеті пәнінің мұғалімі

Сертификат

11

Муханбетова Айгуль Ораковна, Орал қаласы, А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен əдебиеті пəндерінің мұғалімі

Сертификат

12

Туребаева Индира Каримовна, Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сертификат

 

Техникалық және кәсіптік білім беру (3-секция)

Қатысушылар

Марапатталуы

1

Искалиева Айгуль Бисенбаевна, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің жоғары санатты информатика пәні оқытушысы

І орын

2

Ищанова Гульнара Канатовна, Орал қаласы, Орал ақпараттық технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы

ІІ орын

3

Гупранов Канат Сагындыкович, Орал қаласы, БҚ Жоғары медициналық колледжінің жоғары санатты информатика пәні оқытушысы

ІІ орын

4

Бекенова Сандугаш Сагиндиковна, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің жоғары санатты информатика пәні оқытушысы

ІІІ орын

5

Джумагазиева Асель Каримовна, Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің екінші санатты информатика пәні оқытушысы

ІІІ орын

6

Мергенбаева Айслу Халыковна, Орал гуманитарлық колледжінің информатика пәні оқытушысы

ІІІ орын

 

Облыстық кезеңнің жеңімпаздарына 2017 жылдың 23-24 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында өтетін Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!

 

Comments 

 
0 #12 Ержанова Гульмира 2017-11-01 00:20 "SMART-педагог" байқауына белсене қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын!Ре спубликалық деңгейде де өздеріңізің педагогикалық шеберліктеріңіз ді жоғары деңгейде көрсетулеріңізг е тілектеспін№ Quote
 
 
0 #11 Зулкашева Шынар 2017-10-25 12:28 Конкурс повлиял на повышение уровня педагогов в использовании возможностей ИКТ. Особенно понравился уровень подготовки участников языковых предметов. Искренне поздравляю своих слушателей Джаманкулову Асию Кубайдулловну с 1-ым местом и Имангалиеву Асылзаду Каженовну со 2-ым местом, желаю дальнейших успехов! Quote
 
 
0 #10 zkoipk.kz 2017-10-23 18:41 Сайстың бағалау критерийлерінің нақтылығы, қатысушылар жұмыстарын кедергісіз әділ бағалауға мол мүмкіндік берді. Қатысушыларға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін. Quote
 
 
0 #9 Габбасова Багдагул 2017-10-23 16:11 Құрметті "SMART-педагог" облыстық байқауының қатысушылары, сіздерді және тыңдаушым, Аксенова Альфияны шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге республикалық байқауда да жеңістер тілейміз,сіздер ге сенеміз! Тек алға! Quote
 
 
0 #8 Шамуратова Куралай Ш 2017-10-23 16:09 "SMART-педагог"облыстық байқауына белсенді қатысып, жүлделі орынға ие болған әріптестерді құттықтаймыз. Алдағы байқауларда жеңіске жетулеріңізге тілектеспін! Quote
 
 
0 #7 Махметова Айша 2017-10-20 09:38 Мұғалімдердің кәсіби дамуы, қазіргі заман талабынан қалыспай қадам жасауы мақсатында жыл сайын ұйымдастырылып келе жатқан байқаулардың алатын орны ерекше. Байқау барысында ұстаздың кәсіби тәжірибесі ұшталып, шеберлігі шыңдалады.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз, республикалық кезеңде сәттілік серіктеріңіз болсын!!!
Quote
 
 
0 #6 Рысканым Бахтиярова 2017-10-19 17:57 "SMART-педагог"облыстық байқауына қатысушылардың барлығын да жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің білім саласындағы оң өзгерістерді тез қабылдап, жаңалықтардың жаршысы бола білдіңіздер!Әрб іреуіңіздің конкурстық жұмыстарыңыз құнды. Осы байқаудың жүлдегерлеріне республикалық кезеңнен де сүрінбей өтіп, жүлдемен оралуларына тілектеспін Quote
 
 
0 #5 Байкатова Кумыс 2017-10-19 16:31 Уважаемые участники областного этапа Республиканског о конкурса "Смарт-педагог"!Благодарим Вас за плодотворную работу и достаточно качественную подготовку к конкурсу. Желаем дальнейших творческих успехов, а победителям областного тура успешного выступления в республиканском туре. Ждем Вас с победой! Quote
 
 
0 #4 Динара Жумагалиева 2017-10-19 16:29 Поздравляем всех участников конкурса и желаем удачи на республиканском этапе. Quote
 
 
0 #3 Динара Жумагалиева 2017-10-19 16:26 Оценивание работ конкурсантов областного этапа данного конкурса было проведено в режиме онлайн. Члены жюри конкурса выставляли баллы в единый для всех онлайн-лист оценивания с помощью смартфонов и планшетов. Вместе с тем, также в онлайн формате конкурсанты имели возможность производить взаимооценивани е через сайт филиала. Таким образом, мы можем наблюдать ряд преимуществ успешности проведения в нашем филиале областного этапа конкурса:
1) Соответствие формата проведения наименованию конкурса.
2) Оперативность и точность подсчета результатов.
3) Объективность оценивания конкурсных работ.
4) Доступ к просмотру общей процедуры оценивания.
5) Повышение уровня владения Smart-техникой.
Quote
 
 
0 #2 Елдос Сафуллин 2017-10-19 15:59 Иә, сәтті өткізілген шара болды! 33 қатысушының 32-і қатысты. Жеңімпаздарға шығармашылық пен сәттілік тілейміз) Quote
 
 
0 #1 Шынаргуль Арыстанова 2017-10-19 11:40 "SMART-педагог"облыстық байқауы жоғары деңгейде өтті.Қатысушыларды бағалауда әділқазылар ғана емес,қатысушыла р да бір-бірін смарт технологиясын қолдана отырып бағалады.Берілген жүлделі орындар да әділ,уақыт та ұтымды болды.
Жеңімпаздар, республикалық байқаудан жеңіспен оралуыңызға тілектеспін.
Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.