Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

М.Ш. Нұрмұханбетова
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, магистрант

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: «Орта, техникалық, кәсіптік және жоғары оқу орындарында электронды оқыту жүйесі (e-learning)» енгізілетін болады», - деп қарастырылған болатын. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында нысаналы индикаторлары, яғни электронды оқыту жүйесінің енгізілуі 2015 жылы – 50%, 2020 жылы - 90 %-ға жеткізілетіндігі атап көрсетілген. Электронды оқытуды біліктілікті арттыру жүйесіне енгізу педагогтардың жас ұрпаққа өмірлік білім беру ұстанымын қалыптастыруға, әлемдік білім кеңістігіне еркін енуіне, желілік шығармашылық қоғам арқылы тәжірибе алмасуға, кәсіби қызметтерін электронды форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді.
Электронды оқыту педагог мамандардың «өмір бойы білім алу» қағидасының қол жетімділігін арттырумен қатар, ауыл мен қала мектептеріндегі педагогтардың білім деңгейлерін теңестіру үшін өздігінен кәсіби шығармашылық траекториясын дамытуына мүмкіндік туғызып, әлемдік кеңістікке шығуына жол ашады.
Электронды оқытуды біліктілікті арттыру жүйесіне енгізудің мақсаты – педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық және технологиялық құзырлылығын қалыптастыру болып табылады.
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу жеткілікті:

  • Электронды оқыту жүйесін нормативті – құқықтық қамтамасыз етуді дамыту;
  • Білім беру ұйымдарының технологиялық инфрақұрылымын дамыту;
  • Оқу үдерісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдануды дамыту;
  • Сандық білім ресурстарын дамыту;
  • Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және электронды оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау.

E-learning (ағылшын тілінен electronic learning қысқартылған) – электронды оқыту жүйесі, электронды оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желелік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту терминдерінің синонимі.
Бұл жүйе оқытудың барлық үрдістері жүргізілетін және ұйымдастырылатын платформаны ұсынады. Қашықтықтан оқыту жүйесі осы немесе басқа да желіде жұмыс істеуге қолайлы бірнеше құралдардың жиынтығынан тұрады: форумдар, чаттар, тестілеу жүйесі, файлдарды алмастыру жүйесі, электрондық тізім, виртуалды сынып бөлмелері, блогтар, виртуалды зертханалар және тағы басқалар. Оқытудың электронды формасын енгізуді жоспарлаған жағдайда ең алдымен, қашықтықтан оқыту жүйесін таңдап алу болып табылады.
Болашақта білім беру компьютерлік технологиялардың жедел дамуымен тығыз байланыста болады. Сондықтан да электронды оқыту технологиясын мектептердің оқу үдерісіне қолдану қазіргі білім берудің көкейтесті мәселелерінің бірі болып саналады.
Электронды оқыту барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін білімнің бірыңғай стандартын қамтамасыз етеді. Бірақ ол күндізгі оқу форматын алмастыра алмайды. Электронды оқыту элементтерінің басқа формалармен тіркесі жалпы серіктестіктердің оқу жүйелерінің тиімділігі негізінен жоғарылатылады.
E-learning жүйесімен жұмыс жасау бірнеше негізгі компоненттерден тұрады:

  • Мектепті басқару жүйесі;
  • Сыныпты басқару жүйесі;
  • Оқу үдерісін басқару жүйесі;
  • Тестілеуді басқару жүйесі;
  • Пәндер бойынша электронды әдістемелік жүйелер;
  • Ақпараттық – анықтамалық жүйе.

Мектепті басқару жүйесі (School Management System) – оқушының үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы есепті енгізетін жүйе, яғни оқушылардың сабаққа қатысуын бақылай отырып, әкімшілік саясатты жақсарту негізінде жүргізілетін есептеу нәтижелерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сыныпты басқару жүйесі (Classroom Management System) – мұғалімге оқушыны дербес компьютермен толық бақылап басқаруға, сабақтың қызықты өтуіне және тиімді болуына мүмкіндік беретін арнайы программалық қамсыздандыру.
Оқу үдерісін басқару жүйесі (Learning Management System ) – оқу үдерісінің барлық қатысушыларына (мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар) оқытуды интерактивті режимде, портфолио және дербес болгтар арқылы кәсіби бағытта тәжірибелер алмасу, оқушылардың үлгерім динамикасын бақылайтын, оқушылар рейтингісін жүргізуді, ұстаздардың, мектеп әкімшілігінің және т.б. әрекеттерді басқарады.          Тестілеуді басқару жүйесі (Test Management System) – тест менеджері тесттерді дайындап (редакторлау, өзгерту, құру) жариялау және нәтижелерді көруге мүмкіндік береді.
Пәндер бойынша электронды әдістемелік жүйелер (Method Management System) – пәндер бойынша психологиялық – педагогикалық, әдістемелік және пәндік – бағдарлы білім аймақтарына бағытталған электронды әдістемелік жүйелердің кірігуін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық – анықтамалық жүйе (Information Management System) – білім беру ұйымдарының қызметі туралы (сабақ кестесі, сыныптан тыс шаралар, асхана мәзірі және т.б.) қысқаша мәліметті алуға мүмкіндік береді.
Оқу материалдарын жасау жүйесі жасау жүйесі барлық педагогтарға кез келген орын мен кез келген уақытта Интернет арқылы жаңа және сапалы үлгілер мен электронды түрдегі білімдерді беру формасын құруға  мүмкіндік береді. Сабақтардың бейнежазбаларының қорларын Интернет желісі, жергілікті желіде, офф-лайн режимінде және жай компьютерлерде көруге болады. Мұндай оқу бейнематериалдары шағын жинақталған білім беру ұйымдарында, оқу-материалдар қоры мен технологиялық инфрақұрылымы төмен білім беру ұйымдарына қажет болады.

 

Comments 

 
0 #1 Бактыгалиева Аймекен 2015-05-03 10:59 E-learning жүйесімен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерімен таныстым. Жаңа жүйеде жұмыстану-заман талабы. Осы бағыттағы жұмысыңызға сәттілік тілеймін. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.