Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
E-LEARNING - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Г.О. Уразаева
Орал қаласы, №19 орта жалпы білім беретін мектеп

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылғы мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - интерактивті және қашықтықтан оқытуды кеңейту үшін білім беру ұйымдарына электронды оқыту жүйесін «E-learning» енгізу.
Ондағы мақсат білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету болса, басты міндеті - оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау. Алға қойған мақсатқа қол жеткізу оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады. Электрондық оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді. Электрондық оқыту жүйесінде (ЭОЖ) қолданылатын электрондық оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді жасауға арналған талаптар, жүйені қолданушылардың жеке және ұжымдық жұмыстарының және техникалық регламенттері әзірленіп, бекітіледі.
Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады.
Электрондық оқыту жүйесінің тиімділігі оқу үдерісінде АКТ-ның графикалық, мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану мен оқу материалдарын игеруде интерактивтік ойындарды қолдану оларды сапалы, әрі тиімді түрде меңгеруге ықпал етеді. Мысалы, электрондық білім саласындағы жетекші елдердің бірі саналатын Оңтүстік Корея тәжірибесінде оқушылардың 80% e-learning қолдану жүйелерi пәндер бойынша тестердiң нәтижелерiн жақсартуға мүмкiндiк беретiндігі көрсетілген.
Электрондық оқыту жүйесі оқушылардың қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамытады және өздігінен білім алу дағдысын қалыптастырады. Электрондық оқыту жүйесі қазіргі білім берудің «өмір бойы білім алу» мен «баршаға ортақ білім беру» қағидаларына сәйкес оқушылдардың жеке және ұжыммен жұмыс жасауына жағдай жасалуы тиіс. [3:3]
Электрондық оқыту жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу міндеттерінің бірі – оқу-тәрбие үдерісін автоматтандыру болып табылады.        
«Білім беру ұйымдарының виртуалды кабинеті» – оқу-тәрбие үдерісін бірыңғай басқаратын ақпараттық орта. [2:3]
Виртуалды кабинет – жұмыс орнының қызметін балама ретінде  атқаратын ақпараттық ортада орналасқан автоматтандырылған бағдарламалық кешен.
«Білім беру ұйымдарының виртуалды кабинеті» 3 бөлімнен тұрады:
1.Әкімшіліктің виртуалды кабинеті.
2. Сынып жетекшісінің виртуалды кабинеті.
3. Оқушының виртуалды кабинеті.
Электрондық оқыту технологиясын мектепте қолдану төмендегідей мүмкіндіктерді береді:
- Денсаулығының мүмкiндiк шектеулерi бар балалар үшiн арнайы бiлiм берудің түрi. Мұнда электрондық технологиялардың элементтерi торлық технологиялар, телеконференцияларды қолданумен бiрлескен ұжымдық үйрену, оқушылардың қарым-қатынасына және толығырақ кеңейтілген бiлiм алу мүмкiндiгiнiң шеңберiн айтарлықтай кеңейтеді.
-  Оқушылардың бiлiмдерiн қашықтықтан бақылауды ұйымдастыру.
Бiлiм беру ұйымдардарында бiлiм базасын және тестiлiк тапсырмаларының базасын ұйымдастыруға, соның нәтижесінде бiлiмдерін тексеру стандартталады, яғни бiр iзге салынады,  бiлiмдерін бақылау жаппай және тұрақты iстейтiн болады.
- Қосымша элективтік курстарын ұйымдастыру.
Бұл жүйеде барлық бiлiм беру  ұйымдары ұстаздарының күштерi бiрiгедi және ұсынылатын курстардың ауқымы кеңидi, оқушының нақты курс үшiн оқытушыны таңдау мүмкiндiгi болады.  
-Экстернат.
Кейбiр білім беру ұйымдарында қайсыбір  пәндер бойынша оқытушылары болмайды (математика, физика, шет тiлi, биология, химия және т.б.). Электрондық оқыту технологиясы бұл кемшiлiктердi толықтыруға мүмкiндiк бередi.
- Ауыл және шағын жинақталған мектептерде бейінді оқытуды ұйымдастыру.
Кадр тапшылығының мәселесi шалғай ауыл мектептерінде бейінді оқытуды толық мәнiнде жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi, сондықтан сұрақтың шешiмінің бiрi — бiлiм беру ұйымдарында электронды оқыту технологиясын енгiзу болып табылады.
-  Ауру себебімен  мектептегі сабаққа қатыса алмаған балалар үшiн электрондық сабақтар. Оқушы тек қана қосымша репетитордың  көмегiмен, немесе өздігінен өткiзiлген материалды дербес игеру арқылы толықтыра алады. Бiлiм беру жүйесiндегi бұл кемшiлiкті электрондық оқыту технологиясы толықтыра алар еді.
-  Виртуалды қарым-қатынасты мектеп жүйесінде ұйымдастыру.
Мұның нәтижесінде оқушыларды электрондық оқыту технологиясы ашық білім беру үрдісінде қосады, олардың  ақпараттық технологияларды   қолдану дағдылары қалыптасады және ЭО көмегімен үздiксiз бiлiм алуы өмiр бойына жалғасатынын атап өту керек. [1:12]
Е-learning ұғымы (ағылшын тілінен қысқартылған Electronic Learning) —электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту,  қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқу,  виртуальды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту.  
Электрондық оқыту барлық білім беру ұйымның қызметкерлерi үшiн бiлiмдердiң бiртұтас стандартын қамтамасыз етеді және мынадай мүмкіндік береді: 
- педагог ұжымына – тақырыптық жоспарлауды,  электрондық сынып журналдарын және  күнделiктер жүргізу, білім беру үрдісінде сандық бiлiм беру контентін қолдануға мүмкiндiк бередi;
- оқушыларға әр түрлi пәндер бойынша өз үлгерiм рейтингiсінiң өзгерiстерiн қадағалайды, сабақ кестесiндегi өзгерiстерді, үйге берген тапсырманы; уақытында біледі;
- ата-аналарға — өз баласының бағаларын, сабақ кестесiн, үйге берген тапсырмаларын, сабаққа қатысу және дайындық сапасын бақылайды, баласының    мектептегі оқу үлгерімін және оның қоғамдық қызметiндегi табыстары жайлы біліп отырады; сонымен бiрге баласының бағалары туралы мәлiметтi ата-аналардың тiлегiмен sms-тің түрiнде де жолдана алады — немесе e-mail бойынша хабарлама алады.
- мектепке — бiртұтас деректер қорын жасау, электрондық журнал жүргiзу,.      мәлiметтердiң ашықтығы, ата-аналармен керi байланысты  қалыптастыру, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мүмкiндiгі болады. [1:11]
Осы мақсатпен электрондық оқыту жүйесін Орал қаласы бойынша 2013-2014 оқу жылында 12 мектепке енгізілді. Сол мектептердің ішінде біздің №19 орта жалпы білім беретін мектебі бар.
2013-2014 оқу жылында аталған жобаға №19 орта жалпы білім беретін мектебі енгізіліп, бастапқы базаға тіркелу, қажетті мәліметтер, мұғалімдердің сабақ жоспарлары толық енгізілген. Бұл оқыту үдесін автоматтандыру жүйесі биылғы оқу жылының IІІ тоқсанынан бастап біздің мектебімізде іске асырыла бастады.
Электрондық оқыту технологиясын мектепте қолдану ақпараттық технологиялардың дамуына, мектебіміздің компьютерлік, интерактивті техникамен, мультимедиалық, мобильді кабинеттермен жабдықталуына жағдай жасап отыр. Жобаның аясында жеткізілетін компьютерлік және мобильдік сыныптар, моноблоктар, интерактивтік тақталар мен проекторлар, цифрлық подиум электрондық оқытудың қолжетімділігін және тиімділігін арттырады.
Өткізу қабілеті 4 Мбит/сек  кең жолақты Интернет желісіне қосылды.
Сонымен бірге осы бағдарламаның артықшылығы қосымша ақпараттар арқылы мектептің порталын /сайтын/ ашып, мектептің тарихы, оқушы, мұғалім рейтингісі, құрмет тақтасы, ҰТБ-ға дайындығы, қашықтықтан оқыту курстары, ата-аналар комитеті, сынып жетекшілігі, т.б. мәліметтерді автоматты түрде енгізуге болатындығы.
АКТ педагогтардың құзыреттіліктерін қамтамасыз ету үшін электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру қажет.
Цифрлық білімдік ресурстар –  бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар.
Цифрлық білімдік ресурстарды педагогтар сабақ жүргізу үшін де, оқушылар оны өз беттерімен сабаққа дайындалу үшін және анықтамалық материалдар ретінде пайдалана алатын болады. Цифрлық білімдік ресурстар оқытушыларға оқытудың әр түрлі мақсаттары үшін оқу материалын қалыптастыруға мүмкіндік береді.   
Мектепті басқару жүйесінің міндеттерімен және жұмыс істеуімен шолулық танысу мектепті басқару жүйесін автоматтандыруға, білім беру ұйымдарындағы ағымдық бизнес процестерді ескеріп іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыруға, есеп-қисапты қалыптастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама. Пайдаланушылық интерфейсімен танысу. SMS-тің мына негізгі модульдеріне шолу жасау: Құжаттар, Мектеп тарихы, Жоспарлар, Кесте, Электрондық журнал, Электрондық күнделік, Тәрбие жұмысы, Сауалнама жүргізу, Статистика, Бухгалтерия, Кітапхана, Тамақтану, Дәрігерлік бөлме, Қатынас. [4]
Мектепті басқару жүйесін негізгі пайдаланушылар: директор, оқу жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, оқушылар, ата-аналар, кітапханашылар, дәрігер қызметкерлер, SMS басшылары. SMS-тегі пайдаланушылардың құқығы мен рөлі. Бағдарламамен жұмысты орындау бойынша басшылар мен атқарушылар арасындағы міндеттерді үлестіру
Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын  қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Болашақта бiлiм беру компьютер технологияларының дамуымен тығыз байланыста болатыны анық. Сондықтан да электрондық оқыту технологиясын мектептерде оқу үрдісіне  қолдану қазiргi білім берудің көкейкестi мәселесі болып саналады.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұхамбетжанова С.Т. Толықбаева Ғ.Н., Жартынова Ж.Ә.
Электрондық оқыту бойынша мониторингінің жүргізу әдістемелік құралы. Алматы2011
2.  Ахметова Г.К., Сассаев И.М., Мұхамбетжанова С.Т., Қыдырбек Ө., Мелдебеков Е., Білім беру ұйымдары педагогтарының виртуалдық ортасын құру бойынша жұмыс жасау технологиясы. Алматы 2012
3. Ахметова Г.К., Мұхамбетжанова С.Т. Электрондық оқыту ортасында педагогтардың құзырлылығын қалыптастыру әдістемелік құрал. Алматы 2012
4. Ғаламтор

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.