Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық эссе байқауы
07.03.2021 14:49

Жақында Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының жоспарына сай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Ұлы тұлғаларды қанаттандырған алғашқы мектеп» тақырыбында  облыстық  эссе байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында Оралдың "Өрлеуінің" Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Рысқаным Сағынбайқызы Қуанаева төрелік етті. Бұл байқау Жәңгір мектебінің 180 жылдығына орай өткізілуде. Шығармашыл, тұлғалық және кәсіби шеберлігін шыңдаумен айналысатын мұғалімдерді қолдау, алғашқы қазақ мектебінен қанаттанған ұлы тұлғалардың ғибратты ғұмырын ұлықтау мақсатын көздеген байқауға ұстаздар белсенділікпен қатысты. Көңілдегі көрікті ойды шашыратпай, ақ параққа түсіруге асыққан ұстаздарға байқау ережесі толық таныстырылды. Эссе талабы бойынша алғашқы Жәңгір мектебінен білім алып, дарындылығымен, іскерлігімен көзге түсіп, халыққа танылған зиялы азаматтар, еліне адал қызмет жасаған қайраткерлер, ғалымдар, мұғалімдер мен дәрігерлер, заң қызметкерлері мен агрономдардың тындырған істері туралы тарихи деректерден дәлел келтіре отырып, бүгінгі Жәңгір мектебі түлектерінің жетістіктерін салыстыра  жазу болатын.

Ұлы тұлғаларды ұлықтауға бағытталған байқауға 1-кезеңнен сүрінбей өткен аудан (қала) және облыстық мектеп мұғалімдері қатысты. Байқау онлайн форматта жүзеге асырылды.  Байқау қорытындысы 9 наурызда Білім беруді дамыту орталығының Zkobbdo.kz сайтында жарияланады.

 

Comments 

 
0 #4 Нургазинова Маншук К 2021-03-18 16:21 Өз саласының білікті маманы пайдалы да қызықты байқауға қатысушыларға төрелік етуге шынайы қызығушылық танытып, уақыт тапқан Рысқаным Сағынбайқызына және қатысушыларға табыс тілеймін! Quote
 
 
0 #3 Нургазинова Маншук К 2021-03-18 16:20 Өз саласының білікті маманы пайдалы да қызықты байқауға қатысушыларға төрелік етуге шынайы қызығушылық танытып, уақыт тапқан Рысқаным Сағынбайқызына және қатысушыларға табыс тілеймін! Quote
 
 
0 #2 Хайруллина Айгуль 2021-03-16 15:11 Ұлы тұлғаларды ұлықтауға бағытталған байқауға қатысушыларға төрелік етке білікті маман Рысқаным Сағынбайқызы керемет. Quote
 
 
0 #1 Гаухар Дуйсекова 2021-03-12 05:29 Қатысушыларға сәттілік тілейміз! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.