Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Балалардың әл-ауқаты үшін білім беру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференция
30.09.2021 09:52

Бүгін Орал-«Өрлеуде» институттың 70 жылдығына орай «Балалардың әл-ауқаты үшін білім беру» тақырыбында облыстық онлайн ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Арнайы білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерді ескере отырып, білім алу үшін арнайы жағдайларды ұйымдастыру мен құруда, білім алушылардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуде мұғалімдер мен мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатындағы конференцияға барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатысты.

Конференцияның ұйымдастырушы-модераторлары Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары Гүлфия Алипқалиева мен Бағдагүл Габбасова болды.

Жиынды Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертханасының әдіскері Менжан Мурзабулатов ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі. Бұдан әрі қатысушыларға ой тастау бағытында «Инклюзивті білім беру мәселелері» бейнеролигі ұсынылды.

Конференцияда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау, білім беру бағдарламаларын, оқу материалдарының мазмұнын бейімдеу, әлеуметтендіру және оқыту мәселелері қарастырылды. Қатысушылар жұмыс бағыттары бойынша оқылған баяндамаларға пікірлерін білдіріп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Конференцияның қорытындысы бойынша филиал сайтында ресурстық материалдар жасақталып, әр қатысушыға «Қатысушы куәлігі» берілді.

 

Comments 

 
0 #7 Нургуль 2021-09-30 09:01 Гульфия Бекетовна "Балалардың әл-ауқаты үшін білім беру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға,іс -тәжрибемізбен бөлісуге мүмкіндік бергеніңізге көп рахмет.Көптеген ақпарат алдым. Жоғары деңгейде өтті.Сізге зор денсаулық жұмыс ыңызға шығармашылық табыс отбасыңызбен аман жүріңіз. Quote
 
 
0 #6 Нургуль 2021-09-30 08:57 Гульфия Бекетовна "Балалардың әл-ауқаты үшін білім беру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға,іс -тәжрибемізбен бөлісуге мүмкіндік бергеніңізге көп рахмет.Көптеген ақпарат алдым. Жоғары деңгейде өтті.Сізге зор денсаулық жұмыс ыңызға шығармашылық табыс отбасыңызбен аман жүріңіз. Quote
 
 
0 #5 Джунусова Куляш Капи 2021-09-30 07:19 Гульфия Бекетовна сізге көп рақмет осындай курс ұйымдастырғаның взға көптеген ақпараттар алдым деп ойлаймын.Сізге зор денсаулық жұмыс ыңызға шығармашылық табыс отбасыңызбен аман жүріңіз.Осы курсқа қатысқаны ма өте қуаныштымын . Quote
 
 
0 #4 Макашова Айшолпан Ер 2021-09-30 06:19 Бүгінгі облыстық конференциядан аларым да, үйренерім де көп болды. Өйткені өзімнің жұмыс жасайтын бөбекжайымда ерекше қабілетті қажет ететін балалармен инклюзиті білім беріп жұмыстанамыз. Өз іс-тәжірибелерімен бөліскен әріптестерімізг е, Гульфия Бекетовнаға, Багдагуль Беккалиевнаға алғыс айтамын! Quote
 
 
0 #3 Лилия Сахатова 2021-09-30 06:17 Бүгінгі "Балалардың әл-ауқаты үшін білім беру» тақырыбындағы конференциядан аларымыз көп болды.Өте жақсы өтті. Quote
 
 
0 #2 Эльмира Жексенова 2021-09-30 05:56 «Балалардың әл-ауқаты үшін білім беру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып көптеген ақпарат алдым Жоғары деңгейде өтті. Quote
 
 
0 #1 Балжан Жеткеновна Ес 2021-09-30 05:56 Огромная благодарность Багдагуль Беккалиевне, Гульфие Бекетовне и Менжану Тулепкалиевичу за организацию работы площадки обмена мнениями и опытом в рамках темы "Образование для всех". В ходе работы конференции познакомились с опытом педагогов разных уровней образования. Всем УДАЧИ! И не забывайте…Мы обязаны приложить все усилия, чтобы адаптировать всех детей к жизни, дать им шанс на полноценную жизнь!!! Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.