Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Облыстық вебинар өтті
16.10.2021 14:51

15 қазан күні Оралдағы «Өрлеу» институтының 70 жылдық мерейтойына орай Zoom платформасы арқылы «Көшбасшылық трансформациясы – кәсіби ойлаудан цифрлық сауаттылыққа» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

15 қазан күні Оралдағы «Өрлеу» институтының 70 жылдық мерейтойына орай Zoom платформасы арқылы «Көшбасшылық трансформациясы – кәсіби ойлаудан цифрлық сауаттылыққа» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Ұйымдастырушылар: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасы және Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы,  Қаратөбе мектеп-гимназиясының ұжымы.

Мақсаты: Педагогтердің көшбасшылық икемділігі аясында цифрлық сауаттылығын үздіксіз жетілдіруі негізіндегі іс-тәжірибелерін тарату.          Вебинар модераторлары «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» аға оқытушысы Рысханым Куанаева мен Қаратөбе мектеп-гимназиясы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ләззат Сүлейменова қатысушыларға вебинардың мақсат-міндеттерін түсіндіріп өтті.    Вебинар    жұмысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ» курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертханасының меңгерушісі Кулян Дуйсенгалиева мен Қаратөбе ауданы, Қаратөбе мектеп-гимназиясының директоры Мираш Утегалиева алғысөзбен ашып, вебинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мектеп директоры Мираш Спортовна «Тиімді басқару кілті көшбасшылықта» атты баяндамасында көшбасшылық дағдылар туралы кеңінен таныстырса,  директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары  Айболат Түгелтаев «Білім берудегі негізгі инновациялар» тақырыбындағы баяндамасымен бөлісті. Оралдағы «Өрлеу» институтының аға оқытушылары  Гүлмаржан Өтеғұл мен Айгуль Хайруллинаның «Мектеп мұғалімдеріне арналған халықаралық оқыту және сертификаттау бағдарламасы – «Microsoft Innovative Educator (MIE)» мүмкіндігі», «Біліктілікті арттыру негізінде педагогтің дамыған көшбасшылығының сипаты» атты баяндамаларын қатысушылар жоғары бағалады. Аталмыш мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Ләззат Сүлейменова «Кәсіби орта қалыптастырудағы  бөлінген  көшбасшылықтың  рөлі» атты баяндамасында мектептегі көшбасшылық үдерістің жүзеге асуы жөнінде іс-тәжірибесін ортаға салды. Шара барысында «ОnlineТestРad бағдарламасында PISA тапсырмаларын құрастыру арқылы оқушылардың жаратылыстану-ғылыми функционалдық сауаттылығын дамыту», «Цифрлық білім беру ресурстарын дайындап, www.eneasy.kz  платформасы негізінде қолдану тәжірибесі», «Тәлімгерліктің мотиваторлық қабілеттің дамуына ықпалы»,  «Сабақты зерттеу үдерісі – оқушы білімін  жетілдірудің басты  шарты» тақырыптарындағы баяндамалар тыңдалды.

Вебинар соңында тыңдаушылар «ЗИ, 1Ә» әдісімен керібайланыс жасап, пікірлерімен алмасты.  Қатысушылар өзекті тақырыпты арқау еткен «Өрлеулік» аға оқытушыларға алғыстарын білдірді.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.