Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2021 жыл наурыз айының үздік қызметкері

Өтеғұл Гүлмаржан Кәрімқызы, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы. Жалпы педагогикалық еңбек өтілі – 23 жыл. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтындағы еңбек өтілі – 13 жыл.

Наурыз айы бойынша қызметі мен жетістіктері

Гүлмаржан Кәрімқызы өзінің білім-білігін облыс педагогтерімен бөлісіп жүрген тәжірибелі аға оқытушы. Заман көшінен қалмай, талмай ізденіп, тренерлік қызметін үнемі жетілдіріп отырады. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, смарт технологияларды жетік меңгерген ұшқыр ойлы әріптесіміздің жетістіктері де аз емес.

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Химия» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламасының тренері.

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының тренері.

"Microsoft Innovative Education (MIE) Expert 2020-2021" инновациялық педагог-сарапшысы.

Classtime платформасының қолданушысы ретінде емтихан тапсырып, сертификатталған оқытушысы болып табылады.

03.03.21ж.; 11.03.2021ж.; 17.03.2021ж. қосымша білім беру педагогтері, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының педагог-хореографтарына  арналған «Цифрлық білім беру ресурстары мен виртуальды зертханаларды пайдалану («Өрлеу» БАҰО-ның YouTube-тағы каналы және т.б. видео-ресурстары). Google Jamboard, Padlet, Мicrosoft Sway, Noteflight интернет құралдарын қолдану технологиясы» тақырыбында практикалық сабақ жүргізді.  Тыңдаушылар саны – 72 педагог.

11.03.2021ж. «Непроторенная дорога к инклюзии в образовании» тақырыбында Инклюзивті білім беру бойынша Беларуссияның Халықаралық зертханасы Modern Education & Research Institute-тің EdTech дәрісіне қатысқаны үшін №INTPPKINN11032021112 сертификатын алды.

15.03-19.03.2021ж.; 29.03-02.04.2021ж. аралықтарында «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған 2 ақылы курс өткізді. Тыңдаушылар саны – 50 педагог.

«Еліміздің үздік педагогтерінің эстафетасына» қатынасатын химия пәні мұғалімдерінің сабағын дайындауда әдістемелік көмек ұйымдастырып, бейнесабақтар жасақтатты.

26.03.2021ж. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»   Facebook желісінде «Цифрлық білім беру платформасы арқылы оқушы білімін бақылау мен бағалау жолдары» тақырыбында тікелей эфирде «ТРЕНЕРМЕН ОНЛАЙН-КЕЗДЕСУ» айдарында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.

Гүлмаржан Кәрімқызы - білікті маман, жаңашыл педагог, әріптестері арасында зор беделге ие. Ол заман талабынан тыс қалмай, институт өміріндегі барлық шараларға белсенділікпен атсалысады.

Гүлмаржан Кәрімқызын «Айдың үздік қызметкері» марапатымен құттықтап, тың шығармашылық ойлар мен кәсіби жетістіктер тілейміз!

 

Comments 

 
0 #10 Дархан 2021-09-11 18:32 Quote
 
 
0 #9 Арыстанова Шынаргуль 2021-06-04 14:03 Гульмаржан Каримовна оз iсiнiн шеберi.Марапатыныз кутты болсын! Шыгармашылыгыны з шындала берсин! Quote
 
 
0 #8 Арыстанова Шынаргуль 2021-06-04 14:02 Гульмаржан Каримовна оз iсiнiн шеберi.Марапатыныз кутты болсын! Шыгармашылыгыны з шындала берсин! Quote
 
 
0 #7 Габбасова Багдагул 2021-06-04 10:56 Гулмаржан Кәрімқызы, сізді марапатыңызбен Құттықтаймын! Сіз бұдан да жоғары марапатқа әбден лайықтысыз. Тек алға! Әрқашан да сәттіліктер серік болсын. Quote
 
 
0 #6 Гульфия Алипкалиева 2021-04-12 18:54 Гульмаржан Каримовна, «Айдың үздік қызметкері» марапатына лайықты, білікті тренер! Еңбегіңіз еленіп, бағалансын!!! Құттықтаймыз! Quote
 
 
0 #5 Айжан Султановна 2021-04-12 11:34 Гүлмаржан кәрімқызымен біраз жыл бөбекжай тәрбиешілерінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, курстан өткен пеагогтермен тәжірибе алмастық. Сізді №49 "Ақниет" ұжымы атынан "Айдың үздік қызметкері" марапатыңызбен құттықтаймыз. Quote
 
 
0 #4 Айжан Султановна 2021-04-12 11:33 Гүлмаржан кәрімқызымен біраз жыл бөбекжай тәрбиешілерінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, курстан өткен пеагогтермен тәжірибе алмастық. Сізді №49 "Ақниет" ұжымы атынан "Айдың үздік қызметкері" марапатыңызбен құттықтаймыз. Quote
 
 
0 #3 Хайруллина Айгуль 2021-04-08 08:32 Гүлмаржан Кәрімқызын «Айдың үздік қызметкері» марапатына лайықты әріптес! Жетістігіңіз мол болсын! Quote
 
 
0 #2 Хайруллина Айгуль 2021-04-08 08:32 Гүлмаржан Кәрімқызын «Айдың үздік қызметкері» марапатына лайықты әріптес! Жетістігіңіз мол болсын! Quote
 
 
0 #1 Сексенбаева Сайра 2021-04-08 05:13 Гүлмаржан Кәрімқызы білімді білікті бірнене пәндердің маман иесі. Айталық Химия, Физика, Информатика және өзін-өзі тану пәндерінің тренері. Сонымен қатар мектепке дейінгі үйымдар мен қосымша білім беру педагогтері және музыкалық білім беру мамандарының барша категориясының тілін меңгерген, үлкен лектор аға оқытушы. Қызметін үлкен сүйіспеншілікпе н, жауапкершілікпе н атқарады. "Айдың үздік қызметкері" марапатыңызбен құттықтаймын. Quote
 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.