Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2021 жыл мамыр айының үздік қызметкері

Габдушева Толкын Закариевна, курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертханасының PR, SMM маманы. Жалпы еңбек өтілі – 18 жыл. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкердің біліктілігін арттыру институтындағы» еңбек өтілі – 8 жыл.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы педагогикалық қызметкердің біліктілігін арттыру институтындағы қызметі мен жетістіктері.

Толкын Закариевна  – 2013 жылдан филиалдың баспа қызметі және қоғаммен байланыс бөлімінде бас маман, облыстық ғылыми-әдістемелік «Ұстаз» журналының редакторы болып қызмет етуден бастады. 2020 жылдан бастап курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертханасының PR, SMM маманы қызметін атқарып, институтта өтіп жатқан түрлі шараларды, ақпараттарды әлеуметтік желілерге  уақытылы    жүктеп отырады.  Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап республикалық мәртебеге ие электронды форматта жарық көретін ғылыми-әдістемелік «USTAZ» журналында  редакторлық қызметін атқарып,  республика, облыс педагогтерінің озық іс-тәжірибелерін  басылым беттеріне жариялап, кең көлемде таралуына зор үлес қосып келеді.

Толкын Закариевна – жоғары білімді кәсіби маман, ұжыммен тіл табысқыш, ортада белсенді, шығармашыл тұлға. Ол ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өзіндік ұстанымы мен құндылығы айқын, әріптестері арасында адамгершілік қасиеттері, білім-білігі үшін сый-құрметке ие. Сонымен қатар ол институтішілік қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Функционалдық міндеттерін, тапсырмаларды, тоқсандық, жылдық есептерді уақытылы, жауапкершілікпен орындайды. Институтта өтетін түрлі іс-шараларға жүргізуші, әртүрлі тақырыптарға ұйымдастырылатын видеороликтерге сценарий жазу, редакциялау жұмысын орындайды.

Толкын Закариевна Журналистер форумына қатысып, «НұрСұңқар» республикалық байқаудың «Сенім» номинациясының жүлдегері атағына ие болды. Астана қаласы, 2013 ж.

Облыс педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда әдістемелік қамту жүйесін дамытуға қосқан жемісті еңбегі үшін «Алғыс хатпен» марапатталды. Орал қаласы, 2016 ж.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы Г.К.Ахметованың «Алғыс хатына» ие болды. Алматы қаласы, 2016 ж.

«ИНТУИТ» Ұлттық Ашық Университетінің «Биоэтика для журналистов» тақырыбында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсын оқып, сертификаты табыс етілді. 2018 ж.

Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ «Діни ақпарат таратудың тәсілдері мен мақала жазудың әдістері» тақырыбында курстан өтіп, куәлікке ие болды. Орал қаласы, 2018 жыл.

«Қазақстан Республикасы Президентінің  сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша Семинар сертификаты табысталды. 2019 жыл.

«Абай Құнанбаев пен А. С. Пушкин – Еуразия халықтарының тілін, мәдениетін және ұлттық бірегейлігін ұлықтаушылар мен дәріптеушілер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып,  сертификатқа ие болды. 2019 жыл.

2019 жылы Республикалық «Асыл ана» форумына қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.

2019 жылы «Ғылым мен білімнің дамуына өзіндік үлес қосқаны үшін «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының «Алғыс хаты» табысталды.

Толкын Закариевнаны «Айдың үздік қызметкері» атауымен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.