Курстық шаралар

Курсаралық шаралар

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «БҚО ПҚБАИ» бойынша 2021 жыл тамыз айының үздік қызметкері

Хайруллина Айгуль Болатовна, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі. Жалпы 24 жылдық педагогикалық еңбек өтілінің соңғы 13 жылы облыстағы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында жалғасуда.

Тамыз айы бойынша қызметі мен жетістіктері

Біліктілікті арттыру саласында 2008 жылдан бері жұмыс жасайды. «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО ПҚБАИ» деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі, кафедра меңгерушісі А. Хайруллина – өз ісін жетік білетін тәжірибелі маман, магистр дәрежесі бар жоғары білімді педагог.

ҚР педагогтарының Кембридж бағдарламасы бойынша білімін жетілдірудің үшінші (базалық) деңгейі бойынша сертификатталған тренері. ҚР-да орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша білім беру бағдарламасының тренері.

Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласында облысымыздың білім беру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, педагогикалық тәжірибесі бойынша ғылыми-әдістемелік, практикалық еңбектері әртүрлі деңгейдегі басылымдарда жарық көруде. Соның ішінде бірнеше әдістемелік құралдар мен жинақтардың, нұсқаулықтардың авторы: «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде дарынды және талантты оқушылармен топтық әрекетті ұйымдастыру әдістемесі» (2013); «Критериалды бағалау» (2014); «Үшінші (базалық) деңгей бағдарламасының мазмұны бойынша тест жинағы» (2014); «Мұғалімдерді біліктілік емтиханына дайындау электронды тестілері» (2015); «Влияние формативного оценивания на качество обучения – значимая проблема повышения квалификации педагогов» (2016); «Кәсіби желілік қоғамдастық негізінде педагог көшбасшылығын дамыту» (2018). «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО ПҚБАИ» тұрақты «ҰСТАЗ» ғылыми-әдістемелік журналының 2013-2017 жж. аралығындағы деңгейлік курстар бойынша сертификатталған педагогтердің тәжірибесін таратуға бағытталған «Өзгеріс. Тәжірибе. Ойтолғау. / Изменение. Практика. Рефлексия» атты Қосымшасының редакциялық алқа мүшесі болды.

Ағымдағы жылы қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің біліктілігін арттыратын «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасын құрастырады. Тамыз айында Филиал базасында өткен орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Биология» жалпы білім беру пәні бойынша колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру онлайн курсында тыңдаушылармен жүргізген сапалы жұмысы нәтижесінде бәрі өз қысөамерзімді жоспарларын сәтті өорғап, «НЗМ» ДББҰ ПӨО шешімімен сертификатталып отыр.

А.Хайруллина педагогтерінің біліктілігін арттыру саласындағы еңбегі үшін келесі марапаттауларға ие: «БҚО ПКБАжҚДИ» 60 жылдық мерейтойына байланысты «Үздік әдістемелік жоба» номинациясында «Пәндер бойынша Жалпыға бірдей білім беру стандарты аясында құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жасақтау» жоба жетекшісі ретіндегі сертификат (2011); «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-оқытушылар құрамы арасындағы «Өрлеудің» бірінші жылы: жасағаныңды айтпа, жасадым деп айт» атты қашықтықтан эсселер конурсының «Үлгілі істің үлескері» номинациясының дипломы (2013); «Өрлеу» БАҰО» АҚ 1 жыл толуына байланысты облыстық педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі жаңашылдық пен белсенді шығармашылығы үшін Филиалдың Алғыс хаты (2013); «Ұстаздар күні» мерекесіне орай облыстың педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесіндегі жаңашылдығы мен белсенді қызметі үшін Филиалдың Құрмен грамотасы (2015); Алғыс хаты (2019) және «Өрлеу» БАҰО» АҚ Құрмет грамотасы (2016, 2020 жж.), ҚР БҒМ Алғыс хаты (2019).

А.Хайруллина кафедра меңгерушісі ретінде лауазымдық міндеттерін атқаруды және біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларын оқытуды  сапалы ұйымдастырып, жауапкершілік пен шығармашылық танытатын қызметкер болып табылады.

 

Add comment

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.