Курсовые мероприятия

Межкурсовые мероприятия

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Республикалық конференция өтті
29.04.2020 11:05

Осы жылдың 29 сәуірі күні онлайн режимінде «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің аспектілері: тәжірибесі мен жетістігі» тақырыбында республикалық конференция өтті.  Осы айтулы шараға Оралдағы «Өрлеу» институтының ББПППС кафедрасының аға оқытушысы, тәжірибелі психолог Құралай Шамуратова қатысты.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткен конференция мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту аясында сапалы білім беру үдерісін жетілдіруге ықпал ететін психологиялық қызметтің заманауи талаптарын іске асырудың ғылыми-тәжірибелік идеяларын жинақтау.

Конференцияда педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамытуда психологиялық ағарту, ЖООда  педагог-психологтерді дайындаудың өзекті мәселелері, мектепке дейінгі, жалпы орта білім беруде және ТжКБде психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Республикалық конференция барысында Құралай Шамуратқызы «Психокоррекциялық жұмыстың мазмұны мен талаптары» тақырыбында баяндама жасап, баланың әлеуетті мүмкіншілігін ынталандыру мен дамытуға бағытталған әдістер арқылы жеке бас дамуын қалыптастыруды ұйымдастыру талаптары туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

 

Комментарии 

 
0 #6 Динара Жумагалиева 2020-05-05 10:31 Өзекті тақырыпта вебинар өтті, тыңдаушыларға құнды ұсыныстар беріліп, пайдалы əдістер көрсетілді. Жарайсыңдар, əріптестер! Цитировать
 
 
0 #5 Багдагул 2020-05-01 19:30 Әріптесімнің республикалық деңгейде баланың жеке бас дамуын қалыптастыруды ұйымдастыру талаптары туралы өз тәжірибесімен бөліскені өте керемет іс болған екен. Жарайсыз Құралай Шамуратовна!! Цитировать
 
 
0 #4 Ойша Асланова 2020-05-01 09:01 Гулнар Имашева тәжірибелі де білікті тренер. Республикалық онлайн-конференцияға қатысып, жоғары деңгейде өзекті мәселе бойынша ой бөлісті. Керемет! Шығармашылық табыс тілеймін! Цитировать
 
 
0 #3 Гульфия Алипкалиева 2020-04-29 16:42 Куралай Шамуратовна педагогика және психология саласының нағыз майталманы, білікті тренер. Онлайн конференцияда оқыған баяндамаңыз құнды болды, өзекті тақырып талқыланды. Рақмет! Цитировать
 
 
0 #2 Байкатова Кумыс 2020-04-29 14:26 Құралай Шамұратқызы-тәжірибелі де білікті маман. Республикалық онлайн-конференцияға қатысып, жоғары деңгейде өзекті мәселе бойынша баяндама жасап,ой бөлісті. Керемет! Шығармашылық табыс тілеймін! Цитировать
 
 
0 #1 Байкатова Кумыс 2020-04-29 14:26 Құралай Шамұратқызы-тәжірибелі де білікті маман. Республикалық онлайн-конференцияға қатысып, жоғары деңгейде өзекті мәселе бойынша баяндама жасап,ой бөлісті. Керемет! Шығармашылық табыс тілеймін! Цитировать
 

Добавить комментарий

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.