Курсовые мероприятия

Межкурсовые мероприятия

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Республикалық семинар болып өтті
29.04.2020 18:06

Ағымдағы жылдың  29 сәуір күні  онлайн режиминде “Қашықтық оқытудағы тәрбиелік көзқарас» тақырыбында  республикалық  семинар  болып өтті. Семинар кеңеске Оралдағы  «Өрлеу» институты «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу” кафедрасының аға оқытушысы Багдагул Габбасова және Орал қаласы №46 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ақгүл Рахметова қатысты.

Шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиал қызметкерлері, аға оқытушылар, бастауыш, ағылшын тілі пән мұғалімдері, Оралдағы  «Өрлеу» институты «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу” кафедрасының аға оқытушысы Багдагул Габбасова және Орал қаласы №46 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ақгүл Рахметова қатысты.

Семинар кеңес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастырумен өтті.

Семинар аясында Бағдагүл Беккалиевна қашықтықтан оқыту жағдайында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың психологиялық қырын ашу мақсатында “Бала тәрбиесіндегі қарым-қатынастың психологиялық мәселелері» жөнінде баяндама жасап, қашықтық оқытудағы мұғалім, ата-ана және оқушы арасындағы ынтымақтастық, мектеп оқушыларының темперамент ерекшеліктерін анықтау, олардың оқу ісіндегі  қасиеттері туралы іс-тәжірибесімен бөлісті. Ал Орал қаласы №46 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ақгүл Рахметова өз баяндамасында «Тәжірибе алмасу - кәсіби қажеттілік» тақырыбын қамтып, ой қозғады.

Семинарға қатысушылар онлайн  арқылы еліміздің өзге аймағындағы білікті мамандармен тілдесіп, тәжірибе алмасты.

 

Комментарии 

 
0 #10 Ескайрова Айсулу 2020-05-06 10:34 Вебинар керемет болды. Әріптестерімізг е рахмет. Тәжірибелерімен бөліскендері үшін. Ұйымдастырған Багдагул Беккалиевнаға үлкен алғыс. Шығармашылық табыс тілеймін! Цитировать
 
 
0 #9 Мирас 2020-05-05 17:00 Қашықтық оқу жүйесі бойынша өткізілген бұл конференция өте жақсы деңгейде өтеізілді. Керемет Цитировать
 
 
0 #8 Батырова Нуржанат Ме 2020-05-05 17:00 Бағдагүл Беккалиевна мен әріптестерім алғысым шексіз! Қоржыныма алғаным көп болды. Цитировать
 
 
0 #7 Батырова Нуржанат Ме 2020-05-05 17:00 Бағдагүл Беккалиевна мен әріптестерім алғысым шексіз! Қоржыныма алғаным көп болды. Цитировать
 
 
0 #6 Динара Жумагалиева 2020-05-05 10:39 Ақгүл Жəрдемқызы - ең керемет топтарымның ең белсенді тəжірибелі мұғалім. Шығармашылық табыс тілеймін! Цитировать
 
 
0 #5 Динара Жумагалиева 2020-05-05 10:37 Жарайсыңдар, əріптестер! Вебинар барысында қашықтықтан оқыту жағдайында интернет-платформалардың мүмкіндіктері мұғалімдердің жұмысын жеңілдететінін көрдік. Цитировать
 
 
0 #4 Багдагул 2020-05-01 19:44 “Қашықтық оқытудағы тәрбиелік көзқарас» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырған Шымкенттік әріптестеріме алғыс. Ал, қатысып, өз тәжірибесімен бөліскен Орал қаласы №46 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Ақгүл Рахметоваға шығармашылық табыстар тілеймін. . Цитировать
 
 
0 #3 Маншук Кенесовна 2020-04-30 18:10 Багдагуль Беккалиевна! Қазіргі таңда соның ішінде қашықтықтан оқытуда ең қажет 21 ғасыр дағдыларының бірі - қарым-қатынас. қандай керемет тақырып қарастырылған. Тек осылай ашық та, жарқын өзар қарым-қатынас құрып жүре беріңіз! Цитировать
 
 
0 #2 Маншук Кенесовна 2020-04-30 18:09 Багдагуль Беккалиевна! Қазіргі таңда соның ішінде қашықтықтан оқытуда ең қажет 21 ғасыр дағдыларының бірі - қарым-қатынас. қандай керемет тақырып қарастырылған. Тек осылай ашық та, жарқын өзар қарым-қатынас құрып жүре беріңіз! Цитировать
 
 
+1 #1 Рауан Бақытқызы 2020-04-30 00:56 Бағдагул Бекқалиқызы үнемі өз тәжірибесі мен идеяларын ашық ортаға салатын, белсенді тренер. Республикалық семинар-кеңесте де белсенді қатысып, тамаша тақырыпта өз ойларыңызбен бөліскеніңізге ризамын. Цитировать
 

Добавить комментарий

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.