Курсовые мероприятия

Межкурсовые мероприятия

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Қашықтықтан оқыту жағдайында физика пәнін оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өтті
30.04.2020 18:34

Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқыту жағдайында физика пәнін оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқу үдерісінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау және пайдалануда физика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету.

Онлайн вебинарды ұйымдастырушы, модератор ИББжАТ кафедрасының аға оқытушысы Менжан Мурзабулатов.

Шара барысында Менжан Тілепқалиұлы «Қашықтықтан оқытуда физика сабақтарында қолданылатын ресурстар» тақырыбында баяндама жасап, қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың оқу материалын тез қабылдауы және өз бетімен игеруі үшін бейнересурстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін ұсынды.

Сонымен қатар Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №5 ЖББОМ физика пәні мұғалімі Ляззат Акашаева «Қашықтықтан оқытудағы сабақтың құрылымы» тақырыбындағы баяндамасында қашықтықтан сабақ жүргізудің тиімді тәсілдері мен әдістерін ұсынса, Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі Айнур Дуйсенова қазіргі уақытта мұғалімдер үшін өзекті болып отырған жылдық және қорытынды бағаларды шығарудың тиімді тұстарын көрсететін «Физика пәнінен БЖБ, ТЖБ өткізуде Google forms платформасын қолдану тиімділігі» тақырыбындағы іс-тәжірибесін бөлісті.

Вебинар қатысушылары шара соңында пікір алмасып, кері байланыс жасады.

 

Комментарии 

 
0 #10 Купжасарова Алмагул 2020-05-15 19:54 "Қашықтықтан оқыту жағдайында физика пәнін оқытуды ұйымдастыру" вебинары жоғары деңгейде өтті. Вебинарда физика пәнінен оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. БЖБ, ТЖБ өткізуде қолданылатын платформалар қарастырылды. Менжан Тлепкалиевичке шығармашылық табыстар тілеймін. Цитировать
 
 
0 #9 Нұрғазиева Сәуле 2020-05-15 19:47 Менжан Тілепқалиұлы өткізген "Қашықтықтан оқыту жағдайында физика пәнін оқытуды ұйымдастыру" вебинары керемет деңгейде өтті, үйренер нәрсе көп! Шығармашылық табыс тілеймін! Цитировать
 
 
0 #8 Айжан 2020-05-15 16:08 Вебинар кашықтықтан оқыту жүйесінде колданылуға тиімді əдістер мен тəсілдерді көрсеткен əріптестеріме көп рахмет кажетті мəлімет берілді өте жаксы өкізген Менжан Тлепкалиевке рахмет Цитировать
 
 
+1 #7 Айжан 2020-05-15 16:08 Вебинар кашықтықтан оқыту жүйесінде колданылуға тиімді əдістер мен тəсілдерді көрсеткен əріптестеріме көп рахмет кажетті мəлімет берілді өте жаксы өкізген Менжан Тлепкалиевке рахмет Цитировать
 
 
0 #6 Айжан 2020-05-15 16:08 Вебинар кашықтықтан оқыту жүйесінде колданылуға тиімді əдістер мен тəсілдерді көрсеткен əріптестеріме көп рахмет кажетті мəлімет берілді өте жаксы өкізген Менжан Тлепкалиевке рахмет Цитировать
 
 
0 #5 Рауан Бақытқызы 2020-05-05 08:37 Қашықтықтан оқыту кезінде мұғалімдер мен тренерлердің арасында байланыс нығая түсті. Себебі сұрақтарға жауапты бірге іздестіруге, ынтымақта жұмыс істеуге екі жақ та дайын болды. Меңжан Тілепқалиұлы ұйымдастырған вебинарыңыз өз мақсатына жетті. Шығармашылық табыс тілеймін! Цитировать
 
 
0 #4 Маншук Кенесовна 2020-05-02 18:14 Вебинар жұмысы керемет өтті, ұстаздардың тәжірибе алмасулары, қашықтықтан оқу кезінде ресурстардың, әдіс-тәсілдердің қолданылуы, БЖБ, ТЖБ өткізуде қолданылатын платформалар қарастырылды. Вебинар ұйымдастырған Менжан Тлепкалиевичке көп рахмет! Цитировать
 
 
0 #3 Алина Абишева 2020-05-02 15:49 Қашықтықтан оқыту жағдайында физика пәнінен оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану туралы мазмұнды ақпараттар берілді.Рахмет. Цитировать
 
 
0 #2 Хайруллина Айгуль 2020-05-02 13:25 қашықтықтан оқыту жағдайында физика пәніен оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. Цитировать
 
 
0 #1 Багдагул 2020-05-01 21:25 қашықтықтан оқыту жағдайындағы оқу үдерісінде оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету бағытында керемет вебинар өтті. Рахмет Цитировать
 

Добавить комментарий

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.