Курсовые мероприятия

Межкурсовые мероприятия

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
«Жаңаша оқыту және білім берудегі жаңа трендтер»
24.02.2021 13:26

24 ақпан күні Орал гуманитарлық колледжі ұйымдастырумен «Жаңаша оқыту және білім берудегі жаңа трендтер» тақырыбында мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілеріне арналған озық педагогикалық онлайн семинар өтті. Онлайн семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «БҚО ПҚБАИ»  жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары, тәжірибелі тренерлер  Гүлдана Ерсайынқызы Таскалиева  мен Гульфия Бекетқызы Алипкалиева қатысты.

Мақсаты: БҚО мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне қашықтықтан оқыту жағдайында әдістемелік қолдау көрсету.

Онлайн семинар Googl Meet және YouTube видеохостингінде тікелей эфирде ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ шеберлік орталығының тренерлері, М. Өтемісов атындағы БҚУ доценттері, Оралдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтері, КЕАҚ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті докторанттары, PhD доктор Н. Келімбетов атындағы Түркітану орталығының қызметкерлері, Орал «Білім-Инновация» лицейі интернатының «География» пәні мұғалімдері , Ақтөбе және Орал қаласының мектеп-лицейлерінен ұстаздар қатысты.

Семинарды Орал гуманитарлық колледжі директоры, география ғылымының магистрі Зухра Габдуллина алғы сөзбен ашып, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі жалпы білім беретін пәндер циклының орны» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

Оралдағы «Өрлеу» институтынан семинарға қатысқан Гүлдана Таскалиева «Цифрлық білім беру ресурстарын дайындаудың ерекшеліктері» , Гульфия Алипкалиева «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қашықтан оқыту технологиялар арқылы оқу процесін ұйымдастыру»  тақырыптарындағы баяндамаларын ұсынып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында «ТРИЗ – педагогика негіздерінің теориясы мен практикасы», «Креативті көшбасшылық мұғалімдер нені ескеру керек?», «Шетел тілін оқытуда қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалану» сынды құнды тақырыптар қозғалды.

Ауқымды өткен шарада педагогика саласындағы өкілдер іс-тәжірибелерімен алмасып, пікірлерімен бөлісті.

 

Добавить комментарий

Комментарий публикуется через пару секунд. После отправки, можете смотреть выше.
Пікір сайтқа сәлден кейін шығады. Жібергеннен кейін жоғарыдан қарауыңызға болады.