Курсовые мероприятия

Межкурсовые мероприятия

Архив 2021

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Вакансия

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бос лауазымдық орынға  орналасуға конкурс жариялайды

  1. Әкімшілік-ұйымдастыру мәселелері жөніндегі басқарманың жүргізушісі

Үміткерлерге қойылатын талаптар: жүргізуші куәлігінің (B және D), үш жылдан кем емес көлік құралын басқару өтілінің болуы;

Конкурсқа қатысуға ниет білдіруші тұлға төмендегідей құжаттарды ұсынады:

  1. Өтініш;
  2. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ;
  3. Фотосурет - 1 (формат 3х4);
  4. Жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
  5. Қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары білімі туралы, біліктілікті арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралы құжаттардың көшірмелері, жергілікті жері бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері.

Ескертпе: Құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді;

  1. Медициналық анықтама 075У;
  2. Азаматтың наркологиялық және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрмайтындығы жөніндегі медициналық анықтама;
  3. Электрондық портал арқылы соттылығының болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
  4. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша жемқорлық құқық бұзушылықты жасағандығы туралы мәліметтердің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама (еңбек шарты жасалған жағдайда);
  5. Әскери міндеттілер әскери есепке қойылуын растайтын құжатты тапсырады.

Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.

Көрсетілген құжаттарының біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар берілген құжаттар тізбесіне сәйкес, құжат тігілетін папкаға салынған күйінде хабарландыру берілген күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн ішінде мына мекенжай бойынша тапсырылуы тиіс:

Орал қаласы, Абай даңғылы 238/2,  203 кабинет

Анықтама үшін телефондар: 25-15-55, 25-15-72

Электрондық пошта: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript