Course events

Intercourse events

Архив 2020

Архив 2019

Архив 2018

Архив 2017

Архив 2016

Архив 2015

Яндекс.Метрика


Гостевая книга
Жаңа әліпбиге көшудің өзектілігі


Латын әліпбиіне көшудегі ұстаздардың алдындағы міндеттер

Алипкалиева Гулфия Бекетовна

Габбасова Багдагул Беккалиевна

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушылары, Орал қаласы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» - деп атап айтқан болатын.

 
ЛАТЫННЕГІЗДІ ӘЛІПБИ ЖӘНЕ ЕМЛЕ МӘСЕЛЕСІ

Адилханова Марал Тенелевна

Курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу лабораториясының маманы

Гуманитарлық ғылымдар магистрі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Ақтөбе қаласы

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген «қазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру» бойынша тапсырмасына орай қазақ жазуын жаңа ұлттық әліпби негізінде жаңғыртуды лингвотеориялық тұрғыдан негіздеу маңызды болып табылады [1].

 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Айткенова М.Б., Оспанова К.Д.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ,

М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия,

Қарағанды қаласы

Өткен тәжірибеден кемел болашаққа жоспар жасалып, бағыт-бағдар құрылады.  Соның бірі әрі бірегейі – тіл мәселесі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Қазақ тіл білімінің, әліпбиінің негізін салған бірегей ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі», – деген [1; 272].

 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Аңшыбаева Әмина Берекетқызы

«Бейнеу политехникалық колледжі»МКҚК

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Қазақ  тілінің әліпбиі  бірнеше рет өзгергенін білеміз. Себебі барлық билік өзгенің қолында болған замандарда тіліміздің тағдырына алаңдаушылықтан  басқа ештеңе де жасай алмағанымыз түсінікті жай еді. Енді қазіргі таңда егеменді еліміздің болашағы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Еліміздің ғасырлар бойы армандаған  ойларын жүзеге асыруда Елбасымыздың  атқарып жатқан  еңбегі  ұшан теңіз деп есептейміз. Бүгінгі таңда  мемлекеттік тіліміздің болашағы үшін жасалған шараларды да мақтанышпен атап  көрсетуге болады. Қазақ әліпбиі мен жазуын   латын қарпіне көшіру мәселесін көтерген Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050» «стратегиясы -  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек.

 
Латын әліпбиіне көшудің қажеттіліктері мен кері жайлары

Нұрсұлтанова Гүлжан Жаманбайқызы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Атырау облысы бойынша ПҚБАИ»

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының аға оқытушысы, жаңартылған білім беру бағдарламасының тренері

Латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттіліктері - қазақ тілін жаңғырта отырып, тіл тазалығына қадам басу.       Мысалы, басқа тілген енген сөздер арқылы таңбаланатын әріптер қысқартылады да қазақ тілінің табиғи таза күйін сақтауға мүмкіндік аламыз.          Осыған байланысты қазақ тілін оқытқан уақыттағы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі.         Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетіледі деген сөз.

 
ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Шұғайпова Хафиза Ғиндашқызы

Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылы, Маңғыстау обл., Жаңаөзен қаласы, МИТК

Дыбысова Роза Текебайқызы Қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушылы,

Маңғыстау обл., Жаңаөзен қаласы, МИТК

Қазақ тілі - мемлекеттік тілі. Осы тұрғыда қарағанда, мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданыс аясын кеңейту үшін жазуымызды латын әріптеріне көшірудің маңызы зор деп білемін. Қазіргі таңда мемлекеттік тіліміз керегесін кеңге жайып, егеменді елімізбен қатар дамып, мемлекеттік тілге деген сұраныс та артып келеді. Сондықтан Қазақстан сияқты бүкіл әлемге танылған елдің мемлекеттік тілінің жазуы да заман талабына сай келуі кезек күттірмейтін жұмыс.

 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДЕ ТІЛ МАМАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ ЖОҒАРЫ

Амирова Анаргуль Куанышевна

Саға мектеп-балабақшасының  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

Ойыл ауданы, Ақтөбе облысы

Қоғамымызда латын графикасына көшу бағытында келелі кеңестер мен тұжырымды ұсыныстар айтылғалы бірнеше жыл болды. Қазақ жазуы қоғам дамуының заманауи талаптарына лайық болу үшін латын графикасына көшу елдік, мемлекеттік деңгейдегі өзектілігі жоғары мәселеге айналды.  Қазақ жазуының тарихында жаңа бір белес тұр.

 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІН ЕНГІЗУ ИГІ ҚАДАМ

Балапанова Жаныл Темировна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша ПҚБАИ аға оқытушысы

Ел Президентінің Жолдауында баршамыздың мақсатымыз, мүддеміз, тағдырымыз бір, сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте, татулықта болу маңыздылығын айтқан болатын. Қазақстан-мәңгілік ел болуы ертеңгі жастар қолында, терең білім игеріп, ізденіп, өмірге бейім болу қажеттілігі «көзі ашық, көкірегі ояу» жанға түсінікті. Ел ертеңі-білімді де тәрбиелі ұрпақ. Ұрпағымыз тәрбиелі, білімді, саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп, «Мәңгілік ел» мұратына ұласпақ. «Мәңгілік ел» мұратының негізі отбасы тәрбиесінде қалыптасады.Ең алдымен отбасылық бауырмалдық сезім «елім, жерім» дейтін отаншылдық сезімге ұласуы.

 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ИГЕРУГЕ ЫҚПАЛЫ

Дінжанова Айнаш Айбекқызы

Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің ағылшын тілі  пәні мұғалімі

Ойыл ауданы, Ақтөбе облысы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы терең мазмұнға ие тағы бір құнды еңбек екені сөзсіз. Кемел келешекке бағдар болған ауқымды құжатта ұлттық идеологияның, рухани жаңғырудың маңызды тетіктері қарастырылған. Мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған маңызды бастамалардың бірі – латын әліпбиіне көшу.   Тілдің басқа да қырларының аса қажеттілігін мойындай отырып, жазудың ой мазмұнының графикалық таңба ретінде жеткізу жолдарының бірі екендігін естен шығармау қажет. Жазу ой мен сезімді объективтендіруде,сондай-ақ ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселесінде де өзіндік дербес мәнге ие. Көптеген халықтар үшін олардың жазу ұлттық мәдениет пен бірегейліктің ең басты элементі болып табылады.  ХХІ ғасырда латын тілі – технология, ақпарат, коммуникация тіліне айналып отыр. Бұл латын тілінің экономикалық тиімділігін айқындайды.

 
ЖАҢА ӘЛІПБИГЕ КӨШУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Даулетбекова Шаттық Мырзабекқызы

№1 Федоров жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы. Теректі ауданы

Латын әліпбиіне көшу туралы тың жоба көптен бері қаралып, қоғам арасында, жас пен кәрінің, оқыған азамат пен тек жай ата – ананың да назарындағы әңгіме. Сонымен қатар Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле бастады. 2012 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын жасаған болатын. Сонда былай делінген: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек.

 
Латын әліпбиіне көшу – тіл тазалығының кепілі

Жақсылық Жұлдызай Жұмабергенқызы,

Нурышова Фарида Сулейменовна,

№69 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақ тарихы құрбандыққа аса бай. Соның елеулі бөлігі – соңғы ғасырларда ай-күннің аманында жөн-жосықсыз шалынған құрбандықтар. Қазақы тілдің құнары да құрбан болып, жұрнағы қалып тұр. Қасаңдана, қарабайырлана бастаған, аяусыз шұбарланған ана тілін табиғи құнарына бүгін қайтармасақ, ертең осы жұрнағына да зар боларымыз анық. Қазақ тілінің тамырына қан жүгірсін десек, әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуі және сөйлесуі қажет. Себебі, тіл өлсе, ұлт жоғалады дегенді естуім бар. Тілден өзге ешбір ерекшелік ұлтты ұлт ретінде сақтап қала алмайды.

 
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ

Касенова Самал Абилжанатовна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының»

аға оқытушы-тренері, PhD доктор, Алматы, Қазақстан

Елдің өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, тіліне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа өз мемлекет  тілінде сапалы тәрбие мен білім беру бүгінгі заман талабы. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызатындығын елбасымыз өзінің «Қазақстан-2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы Жолдауында айтып кеткен болатын[1].

 
Латын әліпбиіне көшу – ұлт сипатының айшығы

Құрманова Жұпар Сақанқызы,

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ каф. меңг., ф.ғ.к.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаласын халық  қазақ елінің рухани дамуы мен жаңаруының тұғырнамасы ретінде қабылдады. Бұл мақала ұлттық санамыз бен рухани өремізді дүр сілкіндіретін, ұлт болып ұйысуға, ел болып белді бекем бууға, ұлттық намысты ту етуге бастайтын тарихи қадам болды. Ұлтқа қазық, ұрпаққа азық боларлық  бағдарлама еліміздің мәдени рухани өмірінде  тарихи бетбұрыс жасаған, қоғамдық санаға сілкініс  әкелген, дәйекті деректері мен мәйекті мазмұны үйлескен маңызды мақаланың ең әуелі ана тілінде жарыққа шығуы алдымен қасиетті қазақ тілінің  мерейлі  мезетін меңзеді.

 
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУЫ МЕН ЖАҺАНДАНУЫНЫҢ НЕГІЗІ

Сарсекенова Айслу Бағытқызы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы

Атырау облысы бойынша ПҚБАИ  аға оқытушысы

Қазіргі тарихи кезеңде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің тілдің графикасын жаңа форматқа өзгерту қадамдары басталып кетті. Мемлекеттік деңгейде латын графикасына жүйелі түрде толықтай көшу 2025 жылға жоспарланды. Көрші жатқан түркі тілдес елдер: Әзербайжан, Түркіменстан, Өзбекстан бірнеше жыл бұрын латын графикасына өту қадамдарын пәрменді түрде жасағанын білеміз. Олардың осындай іс-әрекеттеріне халықаралық деңгейде өзіндік үлгі болған ХХ ғасырдың басындағы Түркия елінің тілдік трансформациялану тәжірибесі болатын. Ғасырлар бойы араб әліпбиін қолданып келген Түркия мемлекеті 1929 жылы латын графикасына қалай ауысқаны тарихтан белгілі. Кемал Ататүріктің осындай батыл қадамдарды жасауына түрткі болған нәрсе– Түркияның Еуропалық мәдени, экономикалық дүниетанымдық кеңістігіне барынша жақындай түсу ынтасы мен ықыласы болатын.

 
ЛАТЫННЕГІЗДІ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ МЕН КЕМШІЛІГІ

Қуанаева Рысханым Сағынбайқызы,

Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы, «БҚО ПҚБАИ»;

Тасимова Алима Утегеновна,

№ 26 мектеп мұғалімі латыннегізді қазақ әліпбиін оқытушы-тренер

​              2017 жыл Қазақстан халық үшін тарихи жыл болды. Қазақ тілінің жаңа әліпбиі ұсынылып, ол латын қаріптеріне негізделді. Қазіргі уақытта біз осы әліпбиді оқуға дағдыланып жүрміз. Алайда, жаңа емле төңірегінде таластар толастамай отыр. Қоғам болып талқылап, ұсынылған әліпби нұсқасы тағы өзгертілді. Бұл соңғы ма? Енді өзгертілмесе, оған көшу қалай, қанша кезеңмен жүзеге асырылады?

 
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ-ҰЛТТЫҚ САНАНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ

Торебекова Эльмира Абсематовна

«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ,

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының меңгерушісі

Тұңғыш Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында таяу жылдардағы міндеттердің ішіндегі маңыздысы,заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобалардың бірі қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру қажеттігін атап көрсетіп, «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлеммен ықпалдасуға, ертеден қолданған әдебиетімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады»,-деген болатын.

 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУДІҢ АНА ТІЛІМІЗДІ ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫ

Туркпенова Айзат

Ж.Жүсібалиев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ойыл ауданы, Ақтөбе облысы

Ұлы ағартушы А. Байтұрсынұлы ХХ ғасыр басында «асыл тіл, түзу емле қазақта» десе, бүгін біз ХХІ ғасыр басында, тәуелсіз қазаққа ұлттың басты рухани қазынасы ана тіліміздің, асыл тіліміздің тынысын ашатын ұлттық жазу, түзу емле қажет дегіміз келеді. Осындай көптеген жағдайлар, күнделікті өмірдің өзі, жаңа технологиялар заманы қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің қажеттілігін алға тартты.

 
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҒАЛАМДЫҚ ЖАҢАРУЛАРҒА БАСТАР ЖОЛ

Уткелбаева Акмарал Сырымовна,

Жақсыбайкөл негізгі мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Ойыл ауданы, Ақтөбе облысы

«Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіру, бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдыру».

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауынан

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастап, бұл мәселеге неғұрлым дәйектілікпен терең түсініп, байыппен қарау қажеттігін атап көрсеткен болатын. Елбасымыз әліпбиді ауыстыру еліміздің болашағы үшін  жасалған нық қадам екенін айтты. Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде басы артық кірме сөздерден арыламыз.